Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Маңғыстауда екі күнде үш жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстауда Ана мен бала перинаталдық орталығында екі күн ішінде үш жұп егіз дүниеге келді, деп хабарлайды paryz.kz өңірлік денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Маңғыстауда екі күнде үш жұп егіз дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Ведомствоның мәліметінше, алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада сағат 14:00 және 14:09-да өмірге келген. Ұл баланың салмағы 2740 грамм, бойы 51 см болса, қыз баланың салмағы – 2830 грамм, бойы – 52 см.

Сол күні кешкі сағат 17:16 және 17:33-те тағы бір жұп егіз туған. Ұл балалардың салмағы 2430 және 2290 грамм, бойлары – 46 см. Ал 14 қарашада сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 см ұл бала, сағат 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келген. Осылайша, екі күнде перинаталдық орталықта алты сәби өмірге келіп, үш отбасы егіздердің ата-анасы атанған. Егіздердің бір жұбын ата-анасы Әнуар және Ақнұр деп атаған.