Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге көмек көрсетті

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ұшақ бортында жағдайы күрт нашарлаған ресейлік жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге көмек көрсетті
Фото: видиодан скриншот

Төтенше жағдай "Астана - Тараз" рейсі кезінде болған. Ұшу кезінде 38 жастағы Ресей азаматының жағдайы нашарлап, ол әлсіздік сезініп, жүрегі айныған және қан қысымы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған. Осы рейспен ұшып бара жатқан вице-министр Манас Рамазанов оның қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайын бағалады.

Кейін әйелдің жағдайы жақсарып, есін жиды. Ол сондай-ақ Тараз әуежайына жедел жәрдем шақырып, ұшақ қонғаннан кейін науқасты медицина қызметкерлеріне тапсырып, оған тиісті медициналық көмек көрсетілуін тапсырды.