Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Петропавлда жоғалған бала пеш ішінен табылды

Петропавлда таңертең үйінен шығып кетіп, кешке дейін хабарсыз болған 13 жастағы оқушыны іздеуге бірнеше полиция қызметі, үш дрон жұмылдырылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Петропавлда жоғалған бала пеш ішінен табылды
Фото: СҚО ПД

Полицейлер хабар түскен бойда іздеу жұмыстарына кіріскен. Патрульде жүрген полицияның кешенді күштері жұмылдырылып, арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері де іздеуге қосылды.

Сондай-ақ, Жұмысшы кентінің маңайын тексеру үшін аспанға үш дрон көтерілген. Ал жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді.

Нәтижесінде жасөспірімнің жүрген бағыты анықталып, оның Зайцев көшесіне қарай кеткені белгілі болды.  Көп ұзамай оқушы үйлердің бірінің жанында орнатылған сәндік пештің ішінен табылды. Полицейлердің айтуынша, бала сол жерде жылынбақшы болып, ұйықтап кеткен.  Тәртіп сақшылары оны аман-есен үйіне жеткізді. 

Ата-анасының айтуынша, жасөспірім бұған дейін үйінен кетіп көрмеген. Оның бұл жолы не себепті үйден безгенін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция қызметкерлері анықтайды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ата-анамен және баламен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.