Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды

Ақтауда еден жуушының шелегін теуіп жіберген мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды
Фото: видиодан скриншот

Сот материалдарына сәйкес, қазан айында жәбірленуші тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда сотталушы қасақана шелекті аяғымен теуіп жіберген. Шелек аударылып, су төгілген. Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Бірақ былапыт сөз айтпадым дейді. Ашу үстінде шелекті ғана теуіп жібергенін айтты. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Судья шелекті теуіп жіберген әйелді 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетері, "Тұлпар" және "Ақтау Зияткерлік мектебі" жеке меншік мектептердің құрылтайшысы Халеф Челик видеода өз әйелінің болғанын растады.