Белгілі блогер Әділет Айтжанов анасынан айырылды. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Блогер анасының дүниеден өткенін айтып, оған арнап жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.
«Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды», – деп жазды Әділет Айтжанов.
Желі қолданушылары блогердің қайғысына ортақтасып, оған және отбасына көңіл айтты. Көпшілік марқұмның жақындарына сабыр тілеп, анасының жатқан жері жайлы болуын тіледі.