Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақмола облысында 15 жаңа көлік тиелген екі көлік тасымалдаушы аударылды

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі көлік тасымалдаушы аударылды. Жол апаты 13 қарашада болды, деп хабарлайды paryz.kz өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында 15 жаңа көлік тиелген екі көлік тасымалдаушы аударылды
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы "Астана – Атбасар – Жақсы" автожолының 131-шақырымында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, FAW автокөлік тасымалдаушыларының шетелдік жүргізушілері Қорғастан Ресей Федерациясына 15 жаңа көліктің үлкен партиясын тасымалдап келе жатқан. Қозғалыс кезінде тасжолда пайда болған мұзға байланысты бірінші көлік тасымалдаушының жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. 

Соқтығысу нәтижесінде бірнеше тонналық жүк көліктері жолдан шығып, кюветке құлаған. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік тасымалдаушының жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.