Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

ҚазҰУ-да тағы бір студент көз жұмды

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

ҚазҰУ-да тағы бір студент көз жұмды
Фото: istockphoto

Полицияның мәліметіне сәйкес, аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. 

» Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі университеттің География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болғанын растаған еді.