Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтөбеде ұры ер адамды атып өлтірді

Ақтөбеде оқ жарақатынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ақтөбеде ұры ер адамды атып өлтірді
Фото: istockphoto

Оқиға 16 қарашада болған. Марқұмның денесінен оқ жарақаты анықталған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кіріп, ақша, бағалы заттар мен автокөлікті алып кеткен. Кейін оқиға орнынан қашып кеткені айтылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар полиция жалған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.