Астанада бес жеңіл көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"Бүгін Сарайшық ауданындағы Байтұрсынов көшесінде, тұрғын үй кешенінің жанындағы көшедегі автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді", - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде көліктердің барлығы жанып жатқан.
"Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тарады", - деп атап өтті ведомство. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.