Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Астанадан шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды

8 мамырда Астана - Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08: 54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанадан шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: istockphoto

Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады.

«Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның басты басымдығы. Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздықтары үшін кешірім сұрайды», - деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.