Қарағанды облысы Теміртау қаласында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 23 сәуір сағат 08:40 шамасында болған. Ішінде жолаушылары бар автобус бағанаға соғылған.
"45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай бордюрге, сосын бағдаршамның металл бағанасына соғылған", - дейді полиция.
Жол апаты кезінде автобус салонында 20-ға жуық жолаушы болған.
Төрт адам медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.