Прямой эфир
Астана
25.77°C
“Нұр-мұқасан” тобына жаңадан қосылған әнші Ғалымжан өзін Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққанын айтып, мәлімдеме жасады. Бұл туралы ақпаратты блогер Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Жан Ахмадиевтің сөзінше, дау топтың репертуарындағы бір әнге байланысты туындаған. Мәселені сөйлесу арқылы шешуді көздеген Ғалымжан арнайы түрде топтың бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған.
Алайда әншінің айтуынша, жағдай керісінше ушығып, Шахзадаев пен жанында болған бірнеше адам оған күш көрсеткен.
Ғалымжанның айтуынша, оқиға салдарынан оның қолы мен мұрны сынған, денесінің бірнеше жері жарақаттанған. Таңқаларлығы — оқиға орнына келген полиция жәбірленушінің өзін алып кеткен. Осы жағдайдан кейін Ғалымжан заңгерлердің көмегіне жүгініп, өзіне қол көтерді деп санайтын адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.