Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді
фото: unplash

Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған. 22 жастағы тұрғын ішімдік ішкені күйі "БурБат" ЖШС директорына келіп, жалақы бойынша қарызды беруді сұраған.

Директор жұмысшының бұл әрекетіне ашу шақырып, оқтаулы мылтығымен үйден шыққан. Ойы жұмысшыны қорқыту болған. Алайда жігіт мылтықты тартып алып, басшысына оқ атады.

Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне қайғылы оқиғаның болғанын растады. 

"22 жастағы күдікті ұсталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады", - дейді полиция департаменті.