Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Қарағанды-Астана" тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Полиция "Қарағанды-Астана" тас жолындағы жол апатының мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Қарағанды-Астана" тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Estima көлігінің 22 жастағы жүргізушісі бір бағытта келе жатқан "КамАЗ"-дың артына соғылған.

"Toyota Estima жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы көліктің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қарағанды облысы полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтауға, ал, ең бастысы, жылдамдық режимін асырмауға үндеп отыр.