Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Жамбылда 12 жастағы қарындастарын зорлаған ағайынды екі жігітке үкім шықты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 35 және 37 жастағы ағайынды екі жігіт өздерінің қарындастары, ағаларының 12 жастағы қызын зорлаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбылда 12 жастағы қарындастарын зорлаған ағайынды екі жігітке үкім шықты
Фото: istockphoto.com

Жасөспірім қыз олардың бірінен жүкті болып қалып, 13 жасында босанған.

Сот екі зорлықшыға үкім шығарды. Біреуі өмір бойына, біреуі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қыз оқыған мектеп қызметкерлеріне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Олар қыз жүкті бола тұра мектепке барып жүргенде назар аудармаған.