Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Құлсарыда болған жарылыстан екі адам қаза тапты

Атырау облысының Құлсары қаласында газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Құлсарыда болған жарылыстан екі адам қаза тапты
Коллаж: sn.kz

Оқиға кеше, яғни 30 мамырда сағат 18:45 шамасында болған. Жарылыстан 14 адам зардап шексе, тағы екі адам қайтыс болды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған.

Жарылыс салдарынан жақын орналасқан бір қабатты құрылыс, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенген. Алдын ала мәліметке сәйкес, 14 адам зардап шеккен. Оның ішінде 2 адам қайтыс болған, - делінген мәліметте.