Прямая трансляция

Астана

Астана

14.56°C

Көкшетауда ер адам әйелін микрокредит беретін ұйымның ішінде пышақтап кетті

Көкшетау қаласында 33 жастағы әйелге күйеуі дәл микрокредиттік ұйымның ішінде пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды деп хабарлайды paryz.kz.

Көкшетауда ер адам әйелін микрокредит беретін ұйымның ішінде пышақтап кетті
фото: видеодан скриншот

Қызу жанжалдан кейін ер адам өзінің жұбайына бірнеше пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр Шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі шақырылып, жарақат алған әйел қалалық ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 

Полиция күдіктіні ұстады, қылмыстық іс қозғалды Ақмола облысы Полиция департаменті аталған оқиға бойынша ресми түсініктеме берді.

«Тұрмыстық жанжал кезінде күдікті азамат жұбайына пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынған. Полиция қызметкерлері оны жедел түрде анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдікті полиция бөлімшесінде. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.