Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жамбылдық келіншек өртенген көлікте 2 жасар ұлымен бірге жанып кетті

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан болған өрттен көліктегі әйел мен 2 жасар ұлы қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбылдық келіншек өртенген көлікте 2 жасар ұлымен бірге жанып кетті
фото: potapovo-r04.gosweb.gosuslugi.ru

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында болған.

Таразға кетіп бара жатқан ВАЗ 2114 және BMW автокөлігі жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың жиегіндегілерге келіп соқтығысқан. 

Анықталғандай, BMW көлігін 23 жастағы әйел тізгіндеген. Ішінде оның 2 жасар ұлы болған. Соқтығыстың салдарынан көлік жанып кетті. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді полиция.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлiгi («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.