Алматы облысы Талғар ауданында оқушы қыз қайтыс болды.
Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін. Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады.
«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды полициядан.