Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 08.12.2025 15:11 Обновлять, 09.12.2025 06:26

Түркістан облысында кезекте тұрған ер адам дәрігерді пышақтап кетті

Түркістан облысында полицейлер дәрігерге шабуылдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.  

Түркістан облысында кезекте тұрған ер адам дәрігерді пышақтап кетті
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерекке байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады, – делінген хабарламада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.