Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақмола облысында 49 мыңнан астам адамға екпе салынды

Оның ішінде 441 жүкті әйел де бар.

Ақмола облысында 49 мыңнан астам адамға екпе салынды
Фото: kazinform.kz

Ақмола облысында 49 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл – ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 64,6 пайызы, деп хабарлады paryz.kz, облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыста тұмауға қарсы екпені медицина қызметкерлері – 5198, 2-3 айлық жүкті әйелдер – 441, созылмалы ауруымен диспансерлік есепте тұрған ересектер мен балалар – 2623, жиі ауыратын 3 жасқа дейінгі балалар – 148, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері – 252, тыныс алу және жүрек қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар – 14 770, эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша – 24 569, қарттар мен мүгедектер, үйлерінде медициналық-әлеуметтік көмек алатын 1273 адамға салу жоспарланған.

"Бүгінде облыс бойынша барлығы 49 274 адам екпе алды. Бұл – ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 64,6 пайызы", - деді ведомстводан.