Прямая трансляция

Астана

Астана

11.56°C

«Қуанышты хабар»: Ресейде қақтығыс аймағында қалған 14 қазақ жігіті елшілікке жеткізілетін болды

Заңгер Мейірман Шекеев Ресейде жүрген қазақ жігіттерінің мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауына алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қуанышты хабар»: Ресейде қақтығыс аймағында қалған 14 қазақ жігіті елшілікке жеткізілетін болды
Фото: әлеуметтік желіден

Заңгердің айтуынша, бүгін алғашқы 14 бала Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізілген.

«Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала ҚР-дың Ресейдегі елшілігіне жеткізілетін болды», – деп жазды Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол бұл жаңалықты өзіне тікелей телефон арқылы жеткізген Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескеновке алғысын білдірді.

«Қуанышты хабар жалғасын таба берсін», – деді заңгер.