Прямая трансляция

Астана

Астана

36.88°C

«Шөккен көңілі көтерілсе екен»: Ақын тойда «уағыз» айтқан ақсақалға ат мінгізбек

Айтыскер ақын әрі асаба Әлібек Серғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында тойда сөз сөйлеп, ерлер мен әйелдердің бірге отыруына қатысты және музыка туралы пікір айтқан ақсақалға ат мінгізетінін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шөккен көңілі көтерілсе екен»: Ақын тойда «уағыз» айтқан ақсақалға ат мінгізбек
Коллаж: paryz.kz

«Бәріміз қателесеміз ағайын! Келесі жолы абайлап сөйлер... Бірақ, бұл ағамыз соншалық елден оқшауланып, көшеге шыға алмай қалатындай ештеңе айтқан жоқ! Сол үшін, қарияның шөкен көңілі көтерілсе екен деп, мен бұл кісіге Алла разылығы үшін бір ат мінгізгім келіп жүр едім! Сондықтан осы ағамыздың контактісін тауып берсеңіздер, риза болар едім!» – деп жазды айтыскер ақын.