Прямая трансляция

Астана

Астана

23.38°C

«Мені тойда ешкім қорғамады»: Роза Әлқожа тойдағы даудан кейін алғаш рет пікір білдірді

Әнші Роза Әлқожа соңғы күндері әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап беріп, даулы жағдайға қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мені тойда ешкім қорғамады»: Роза Әлқожа тойдағы даудан кейін алғаш рет пікір білдірді
Коллаж: paryz.kz

Өнер иесінің айтуынша, Түркістан облысында өткен тойдан кейін оған әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан түрлі айыптаулар айтылған. Әсіресе өзін діндар ретінде таныстыратын азаматтардың сыны көп болғанын жеткізді.

«Біз де діннен алыс емеспіз. Алладан қорқатын мұсылманбыз. Бауырларымның барлығы намаз оқиды. Бірақ қазір әсіресе діндармын дейтін адамдар бізге қарсы шығып жатыр. Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір Алла біледі. Бізге Аллаға құлшылық етуді нәсіп етсін», – деді әнші.

Сондай-ақ Роза Әлқожа болған оқиғаға байланысты ешкімнің үстінен арыз жазбағанын айтты.

Оның сөзінше, тойда өзін қорғайтын адам болмағанымен, болған жайтты халықтың бағасы ретінде қабылдаған.