Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевқа қатысты оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, жәбірленуші қорғасын-мырыш өндірісіне инвестиция салу мақсатында келген төрт Қытай азаматын Бәйдібек ауданына алып барған. Іскерлік кездесуден кейін күдікті оны көлігімен жеткізіп салуды ұсынған.
Алайда елсіз жерге апарып, зорлаған. Бұл ақпаратқа қатысты полиция ресми түсініктеме берді.
Арызда аталған оқиғаға аудандық мәслихат депутаты Ерғали Аманбаевтың қатысы бары көрсетілген.
"Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.