Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

«Көз жасына ерік берді»: кәсіпкер Шайдоровтар отбасына ерекше сый жасады

Белгілі кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін мінгізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көз жасына ерік берді»: кәсіпкер Шайдоровтар отбасына ерекше сый жасады
Коллаж: paryz.kz

Кәсіпкердің айтуынша, Михаилдың тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.

«Бір кездері Станислав Александрович ұлының арманы үшін өз көлігін сатып, барын салған. Бұл оқиға маған өте жақын. Мен де сенген ісім үшін екі рет көлігімді саттым: қиын сәтте командамның жалақысын төлеу үшін және қаражат жетпегенде Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін», – деп жазды Арсен Томский.

Көлікті табыстау сәтінде Михаилдың әкесі эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

«Әр чемпионның артында бір күні: “Мен саған сенемін” деген адам тұрады. Ұлы жеңістер әрқашан сенімнен басталады», – деді кәсіпкер.

Шайдоровтар отбасына және барша қазақстандықтарға жаңа жеңістер мен жарқын қуаныш тілейміз!