Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Елдің күні-түні сұрайтыны осы»: Журналист Атыраудағы трагедия жайлы айтты

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қоғамды алаңдатқан бұл оқиға жөнінде әзірге нақты дерек жоқ, деп хабарлайды paryz.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

«Елдің күні-түні сұрайтыны осы»: Журналист Атыраудағы трагедия жайлы айтты
politico.kz коллажы

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға байланысты пікір білдіріп, оқырмандардың "Атырауда жоғалған отбасыдан хабар бар ма? Күйеу бала қайда?" деген сауалдарына жауап берген.

"Елдің күні-түні сұрайтыны осы… Бірақ әзірге тып-тыныш. Кеше туыстарымен сөйлескенмін. Ол кісілер де бейхабар. "Құзырлы органдардан ақпарат күтіп отырмыз. Бәрі үнсіз" дейді. Әріптесім Руслан Өтепбай келіп кетті. Білесіздер. Енді сол әріптесімнің зерттеу материалдарынан қандай да бір тың ақпараттар күтпесек, әзірге басқа ешқандай бізде мәлімет жоқ", – деді журналист.