Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы облысындағы мектепте жасөспірім көз жұмды

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы мектептердің бірінде оқушы 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл факті бойынша тексеру және тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысындағы мектепте жасөспірім көз жұмды
Фото: видиодан скриншот

Қарасай ауданының білім бөліміне сілтеме жасаған агенттіктің жазуынша, қайғылы оқиға 21 қаңтарда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

"Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл – отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады", - деп қосты білім бөліміндегілер.