Прямой эфир
Астана
25.77°C
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның атына жеке кабинет ашылатынын мәлім етті, деп жазады paryz.kz.
«Бізге белгілі ақпараттар сол тергеудің нәтижесіне қарай беріліп отыр. Негізгі мәселе сол кезде бұзылған болуы мүмкін құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты болып тұр. Марқұмның жұмыс істеген жедел жәрдем станциясының басшылығымен бірлесіп, ол білім алған медициналық колледжбен бірге оның есімі берілген арнайы аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – біз үшін өте ауыр, өте трагедиялық жағдай», - деді министр.