Прямой эфир
Астана
25.77°C
Қазақстанға ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан видео жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады, деп хабарлайды paryz.kz.
"Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін! Барлығыңызды жақсы көремін", - жазды Пашинян Instagram-дағы парақшасында жариялаған видео сипаттамасында.
Видеодан фонда BAYANSULU атымен танылып жүрген қазақ әншісінің "Ауа райы" деп аталатын әні ойнап тұрғанын, Астанада күн тұманды екенін байқауға болады.
Желі қолданушылары саясаткерге "Астанаға қош келдіңіз!" деп жылы лебіздерін жазуда.