Прямая трансляция

Астана

Астана

4.28°C

БҚО-да балаға сексуалдық зорлық жасалғанын жасырғысы келген мектеп директоры жауапқа тартылуы мүмкін

Басылымның мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК434 «Қылмысты жасырғаны үшін» бабы бойынша қозғалған.

БҚО-да балаға сексуалдық зорлық жасалғанын жасырғысы келген мектеп директоры жауапқа тартылуы мүмкін
Дереккөз: dw.com

БҚО-ның Жаңғала ауылы полициясы кәмелет жасына толмаған жасөспірімге сексуалдық сипаттағы әрекетке қатысты қылмыстық сот ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Paryz.kz uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК434 "Қылмысты жасырғаны үшін" бабы бойынша қозғалған. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса, ол 6 АЕК дейінгі көлемде айыппұл төлеуі немесе түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін. Сондай-ақ соттың шешімімен 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Ал мектеп директоры Лариса Қожахметованың аталған іске қатысты өз айтары бар. Ол бұл жағдайды тек тергеу амалдары басталған уақытта ғана білдік дейді.

"Қыз бала біздің мектепте 2018 жылдың 26 тамызынан 2019 жылдың 4 мамырына дейін оқыды. Қыздың анасы бізді бәрін білді деп айыптап отыр. Оның не себепті бізді бұлай айыптап отырғанын түсінер алар емеспін",-дейді мектеп директоры.

Жәбір көрген қыздың анасымен директордың авдокаты да келіспейді. Ол бұған дейін іс үш рет жабылғанын айтты.

"Қылмыстық іс былтырғы жылдың желтоқсанында жабылғаны не керек, ол директер Лариса Қожахметова және мектептегі үш мұғалімге қатысты қайта жандандырылып жатыр. Енді мектеп директоры мен мұғалімдер күдікті атанып отыр",-дейді ол.

Сондай-ақ адвокат директорға психологиялық тұрғыда қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді.

"Менің клиентімнің осы жағдай үшін денсаулығы нашарлап, ол стационар жағдайында ем алды",-дейді ол.

Айта кетерлігі сот қызды зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарған уақытта, мектеп мұғалімдерін де тексеру қажет деген шешім шығарған. Судьяның айтуынша, прокурорлар немқұрайлылық танытқан білім беру мекемесінің қызметкерлерін де жауапкершілікке тартуы тиіс екен.

Естеріңізде болса Жаңғала мектеп-гимназиясында оқитын 5-сынып оқушысы 3 жыл бойы өгей әкесінен зорлық көріп келген еді. Өкініштісі ер адам 2019 жылдың желтоқсанына дейін арам ойын іске асырып келген. Кейін күдікті ұсталып, ол 22 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды