Ақтөбе облысында 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында ауыр жол апаты болды, деп жазады Paryz.kz.
23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
"Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен ГАЗель көлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. ГАЗель жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - деді Ақтөбе облыстық ПД өкілі.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.