Қоғам белсендісі Марғұлан Ермағанбетұлы журналист Динара Сәтжан туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
”Осыдан бірнеше күн бұрын Динара екеуіміздің арамызда пікір талас туды. Әдеттегідей қоғамдық процеске пікір білдірдім. Басқа артық ештеңе жоқ. Оккупанттық саясатты ертіп жүрген ресейлік спикерлерді қолдаған байдың ерке әйелін дәл осындай екінші біреу қолдап, ал оларға қарсы жазған қоғамның үлкен бөлігін бұл қыз хейтерлер, яғни сендер ақымақсыңдар дегенді білдіретін жазба қалдырды. Бұл жасанды сұлулық иесі туралы қоғамның басқа да белгілі адамдары кері пікір жазды. Алайда бұл қыз оларға ештеңе жазбай, тек менің пікірімді репост жасап, маған ақыл айтқандай болды. Басқаға жауап қатпай, тек маған жауап қатқанын зерделедім. Себеп — мен оны интеллектуалы төмен журналистердің бірі дегенім қатты намысына тигенім. Бұған еш күмәнім жоқ. Бірақ бұл рас. Біздің елде қаржылық бай мен бай еркектің әйелі болу интеллектіге байланысты емес. Ал бұл Динара сияқтылар тағы қайталап айтайын — ақша болса кез келгенінен “сұхбат” ала береді. Сұхбат алу, сұрақ қою мен үшін керемет өнер емес. Бұл үшін керемет білім, бұл үшін 4 жылдық білім де қажет емес. Журналист болмасам да сұрақ та қойып, эфирге де шығып жүрмін. Биылдың өзінде 50-ден астам эфирге шықтым. Еш қиындық көрмеймін. Мен үшін мықты журналист — терең сараптама жасай алатын, ең пайдалы ақпаратты қолжетімді тілде жеткізе алатын маман. Бірақ дәл мыналар сияқтылар емес. Пенденің жеке басына өтуім сирек. Бірақ халықты ақымақ көріп, өзін пір көрсеткісі келетін жасанды күлкі иелерін ұната бермейді екенмін”, — деп жазды Марғұлан Ермағанбетұлы.
Динара Сәтжан қоғам белсендісіне өз жауабын берді.
”Марғұлан сияқты “палуандарға” арнайы осы сұхбатты жариялап отырмын. Біз, әйелдер, қадірлі болуды білеміз”, — деп журналист прокурор Айжан Аймағановамен болған сұхбатын жариялады.