Прямая трансляция

Астана

Астана

4.96°C

Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды

Қостанай - Астана әуе рейсін орындау кезінде Qazaq Air ұшағында болған оқыс жағдайға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды
Фото: istockphoto.com

Оқиға сенбі болған. Қостанай-Астана тұрақты рейсін орындаған QazaqAir әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақаулыққа байланысты Қостанай әуежайына оралуға мәжбүр болды. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Әуе кемесінде техникалық ақау болып, осыған байланысты ұшу процесі тоқтатылды. Кейбір жолаушылар шасси жанында жарқыл байқаған. Техникалық байқау жүргізу кезінде бұл ескерілетін болады. Авиакомпанияның техникалық командасы ақауларды тексеру және жою үшін Қостанай әуежайына жіберілді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жолаушыларға қонақүйге орналастыру, билеттердің құнын толық қайтару немесе оларды басқа рейстерге айырбастау ұсынылған. Ал көлік министрлігі тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

"Қостанай - Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - деді ведомстводағылар.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды