Прямая трансляция

Астана

Астана

10.15°C

Толқын Забирова келініне қандай талаптар қояды

Эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова – үш ұлдың анасы. Ол болашақ келініне қандай талаптар қояды?

Толқын Забирова келініне қандай талаптар қояды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әнші «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

— Төрт құбылам тең. Үйде жолдасым, үш ұлым бар. Үлкенім 23 жаста, Шахрияр. Сингапур университетін бітіріп, дипломын алып, қазір өзінің шағын кәсібімен айналысып жатыр. Екіншім Диар — өнер жолын қуып келе жатқан ізбасарым. Құрманғазы атындағы консерваторияда биыл 4-курста оқиды. Кенжетайымыз Санжар — ЖОО-ның 3-курсында оқиды. Балалар жақсы жетістіктерін көрсетіп жатыр, — деді әнші.

Толқын Забирова, сондай-ақ, болашақ келініне қандай талаптар қоятынын да айтып өтті.

— Қандай келін керек маған? Ол қандай болу керек? Ата-ананың тілегі: бір-бірінің тілін тапса, сыйластықпен өмір cүрсе, одан артық маған ешнәрсе керек емес. Ешқандай талап қоймаймын. Ұлымның таңдауын қабылдаймын. Ана еш уақытта кері жүрмеуі керек, әр адамның өзінің сезімі бар. Әр адам жүрегін тыңдауы тиіс. Тәулігіне 24 сағат әңгіме айтсақ та, мен оны түбіне дейін түсінбейтін шығармын. Ол басқа отбасында тәрбие алған адам. Менің балам қабылдады ма, мен үшін ол табу, талқыланбайды, — деді Толқын Забирова.

Әнші жуырда Астана және Алматыда шығармашылық кешін береді. «Өмірге ғашықпын» концерті 17 қазанда Алматыда және 23 қазан күні Астанада өтеді.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды