Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді

Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді
Фото: NUR.KZ

Депутаттың айтуынша, бұрын мұғалім мамандығын таңдайтын түлектер аз болған. Осы мамандыққа келушілердің орташа балы 55 балл болған.

"Мұғалімнің мәртебесін өсіру – осы мамандыққа ең үздік, ең мықты мектеп түлектерін әкелу. Бұл мамандыққа түсу екі жылдың ішінде 55 балдан 100 балға жетті, одан да асып кетті. Алдыңғы жылы тіпті 120 балл алған балалар мұғалім мамандығына грантқа түсе алмай қалды. Қазір "Алтын белгі" иегерлері осы мамандыққа келіп жатыр. Бәрі барғысы келетін топ-5 мамандық болса, оның ішінде мұғалім де бар", - деді депутат.