Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында ән салып тұрған әншіні экс-қайын атасы ұрып құлатты (ВИДЕО)

Түркістан облысында той үстінде ән салып тұрған әншіні экс-қайнатасы ұрып жібергені туралы видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Түркістан облысында ән салып тұрған әншіні экс-қайын атасы ұрып құлатты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға 31 тамыз күні Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған. Соққы жеген әншінің айтуынша бұрынғы қайын жұрты тарапынан әдейі қастандық жасалып отыр.

«Ол – менің бұрынғы қайын атам. Есімді бір сағаттай жинай алған жоқпын. Жедел жәрдем келіп, алып кетті. Ұрғаннан кейін құлаған соң кеудеммен қатты бір затқа соғылдым.Үстінен арыз жаздым. Аудандық ішкі істер бөлімі бұл істің қаралуын 1-1,5 айдай күтесіз деп айтты. Бұрынғы келіні болғаным үшін қызғандық дейді», – деп әншінің жазған хаты жарияланды.

Агенттік тілшісі оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады