Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Таныс болыңыздар»: Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев ел естімеген шындықты айтты

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев желідегі парақшасында көптің қызу талқысына түскен қайырымдылық кеші жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Таныс болыңыздар»: Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев ел естімеген шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

Экс-президенттің немересі Францияда өткен «Рақымшылық рыцарлары» (Knights of Charity) атты қайырымдылық гала-кешінде түскен суреттерді өзі жариялағанын айтып, қалың көпшілікке өзінің ұлы Алан Назарбаевты таныстырды.

«Барлық БАҚ-қа ескерту: Біріншіден, бұл стористерді (суреттерді ред.) өзім жарияладым. Сондықтан мұнда «кездейсоқ көрініп қалды» деу орынсыз. Екіншіден, бұл - менің ұлым. Танысып қойыңыздар, оның есімі - Алан», - деп жазды Әлиев.