Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласып, әйелдер қауымына ақыл-кеңес айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
"Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы әрине. Бірақ өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып, ақшаны өзіңе аямай, кейде неудобная болған дұрыс", деді әнші.
Өнер иесі қазір ел аузында жүрген мультимиллиардер Безос пен Лоренің махаббатын мысалға келтірді.
"Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр. Меніңше, Лорен күйеуімен қызықты сұқбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес, еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, ерке бола білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек", - деді Ерке.