Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 27.11.2025 16:46

Елорда әуежайында ұшақты 9 сағат күткен жолаушылар концерт қойды (ВИДЕО)

Әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жолаушылар үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатқанын айтты.

Елорда әуежайында ұшақты 9 сағат күткен жолаушылар концерт қойды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан әуежайында қалып қойған жолаушылар ғимарат ішінде концерт жасаған. Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы жабылған еді, деп хабарлады paryz.kz.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жолаушылар үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатқанын айтты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы қардан түнгі сағат 3-ке дейін тазартылғандықтан, ұшу-қону жолағы біршама уақыт жабық болады. Барлық жолаушыны әуежай жұмысына түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Толық ақпаратты әуежайлар мен әуекомпаниялардың Call-орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз", - деді ол.