Прямая трансляция

Астана

Астана

3.43°C

«50 жыл намаз оқымаса, 18 млн төлеуі керек» – дінтанушы түсіндірді

Бұл сұраққа Белгілі исламтанушы, теолог Мұхиддин Исаұлы жауап берді. Оның айтуынша, қоғамда діни ұстанымдарға қатысты дақпырт сөздер көбейіп бара жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ

«50 жыл намаз оқымаса, 18 млн төлеуі керек» – дінтанушы түсіндірді
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде белгісіз имамның "Қайтыс болған адам 50 жыл намаз оқымаса, оның баласы 18 млн теңге өтеуі керек" деп айтқан видеосы тарады.

«Оқылмаған намаз үшін садақа берілмейді. Ол тек қаза болып қалады. Сондықтан намаз оқымаған адамның қазасы өтелмей тұра береді. Қайтыс болған кісінің орнына садақа беріп, оның намазын жауып тастау мүмкін емес, – дейді ғалым.

Сондай-ақ, теолог қоғамда діни білімнің саяздығы түрлі негізсіз пікірлердің таралуына алып келгенін айтады.

"18 миллион теңге садақа беріп, намаздың өтеуін жабуға болады" немесе "8 мың доллар беріп, жұмаққа кіруге болады" деген әңгімелер шындыққа жанаспайды. Әйтеуір бәрі айтқыш болып кетті. Математика, химия немесе физиканы сұрасаң, ләм демейді, ал дінді айт десең, бәрі білгіш-сымақтар. Ең өкініштісі – мұндай жастар көбейіп бара жатыр, – деді Мұхиддин Исаұлы.

"Қоғамға мықты ғалымдар қажет" Исламтанушы дінге қатысты жалған ақпараттардың таралуын тоқтату үшін мықты ғалымдар тобын құру керегін атап өтті. Оның айтуынша, бұл істі мемлекет те қолдауға тиіс. Өзбекстанда "Мұхаммед" атты мықты ғалым болды. Оны мемлекет қолдап, жұртты артынан ертті. Бізге де сондай 10 шақты білімді адам қажет. Әлеуметтік желіде жүрген жасанды ғалымдар емес, шынайы мамандарды шығару керек. Өкінішке қарай, шынайы мамандар бар болғанымен, оларды ешкім танымайды. Ал керісінше, білімі жоқ адамдар елге дінді түсіндіріп жүр, – дейді ол.

 "Дінді бұрмалау – діннің жауы" Біреулері "тозаққа барасың" деп қорқытса, енді біреулері дінді әзіл-ысқаққа айналдырып, жеңіл түрде насихаттауға тырысады. Бұлардың бәрі – діннің жаулары, – деп түйіндеді Мұхиддин Исаұлы.

Исаұлының пікірінше, қоғамдағы діни мәселелерді шешу үшін нақты ғылыми көзқарасы бар мамандарды даярлап, олардың білімі мен тәжірибесін халыққа дұрыс жеткізу қажет.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды