Прямая трансляция

Астана

Астана

4.28°C

Бизнеске заңсыз қысымға жол жоқ: Шымкентте кәсіпкерлер құқығы қорғалуда

Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономика деңгейін төмендету мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Әлеуметтік-экономикалық ахуалға әсер ететін басым бағыттарды анықтап, жүйелі мәселелерді шешу үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бизнеске заңсыз қысымға жол жоқ: Шымкентте кәсіпкерлер құқығы қорғалуда
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмаларын орындау аясында адал кәсіпкерлерді заңсыз қылмыстық ортаға тартпау бойынша маңызды шаралар қолға алынған.

Департамент қала аумағындағы жүйелі проблемалар тізімін жасап, олардың шешімі үшін нақты жұмыстар жүргізуде. Басым бағыттарға мыналар жатады:
• Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасын анықтау және жолын кесу.
• Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген бюджет қаражаттарының жымқырылуын және жылыстатылуын анықтау.
• Экономикалық және есірткі контрабандасын әшкерелеу.
• Цифрландыру мен криптовалюта саласындағы құқықбұзушылықтармен күресу.
• Адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және олардың заңсыз әрекеттерге тартылуын болдырмау.

Жыл басынан бері Департамент 105 қылмыстық істі тіркеп, оның 95-ін (80%) өндіріспен аяқтады. Анықталған қылмыстар бойынша келтірілген жалпы залал көлемі 16,5 млрд теңгені құраған. Оның 5,7 млрд теңгесі өндірілді, ал 4,5 млрд теңгеге тыйым салынды. Жалпы, залалды өтеу көрсеткіші 62,2%-ды құрады, дейді. - Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы, полковник - Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы.

Департаменттің басымды міндеттерінің бірі – адал бизнес өкілдерін қорғау және заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеу. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды