Прямая трансляция

Астана

Астана

4.88°C

Шымкентте құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде үйлестіру кеңесі өтті

Кеше Шымкент қаласы прокурорының төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде үйлестіру кеңесі өтті
Фото Комитета административной полиции МВД

Отырыс барысында қала прокуроры Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов құқық қорғау және уәкілетті органдардың назарын профилактикалық шаралар қолдануды күшейтуді, кез келген құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» принципін қамтамасыз етуге аударды. 

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке және балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ заңсыз есірткі саудасымен күресуге ерекше назар аударылады.

Дағдарыс жағдайында жүрген студенттерді дер кезінде анықтау үшін білім беру ұйымдарына психологтардың жұмысын қайта қарау тапсырылды. Есірткі саудасымен күрес тек құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екені атап өтілді.Осы мақсаттар үшін қоғам мен жастардың әлеуетін одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданды.

Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықпен күрестегі жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін коммуналдық қызметкерлер мен студенттік жастар өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Қала прокуроры қорытындылай келе көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.

Барлық қатысушыларға қаладағы қылмыс жағдайын жақсарту және қылмыстың алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды