Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Шымкентте «Таңдау» толықметражды фильмі көпшілікке ұсынылды

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ықыласпен қабылданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте «Таңдау» толықметражды фильмі көпшілікке ұсынылды
Фото: Шымкент келбеті

Бұл туынды жастар арасында өзекті мәселелерді қозғап, олардың дұрыс бағытта таңдау жасауына ықпал етуді көздейді.

Фильмде қоғамдағы өткір тақырыптар – жастардың қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, синтетикалық есірткіден келетін қауіп-қатер, сондай-ақ құмар ойындардың зияны драматургиялық оқиға арқылы шебер суреттелген. Режиссер Батырхан Дәуренбеков пен оның шығармашылық ұжымы жас буынның өмірлік сынақтары мен дұрыс таңдау жасау маңыздылығын әсерлі бейнелей білді. Сценарий авторы – Батырхан Дәуренбеков, екінші режиссер – Жанболат Турлыбеков, ал операторлық шеберлікті Исабаев Бегалы атқарған.

Фильм кейіпкерлері мектепті жаңа бітірген жастар түрлі жолды таңдап кетеді. Бірі әкесінің ақшасына сенсе, бірі өз қабілет-қарымын дамытып, кәсібін ашады. Ал, бірі оңай ақша мен ойынқұмарлықтың соңында кетеді. Автор осы арқылы қоғамға өзекті ой тастап, ақшаның заңсыз жолмен табылуының қауіпті салдарларын шынайы көріністермен жеткізді. Мұндай өзекті мәселелердің көркемдік тұрғыда баяндалуы жас көрермендерді ойландырмай қоймайды. Фильмде басты рольде ойнайтындар қаламыздағы Шанин театрына Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан келген жастар және сол Шанин театрының әртістері.

Көрсетілімге арнайы қатысқан Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова фильм авторлары мен актерлік құрамды еңбегі үшін алғыс білдіріп, олардың жастарға тағылымды ой тастау бағытындағы жұмыстарына жоғары баға берді. «Бұл фильм – жастардың игілігі үшін жасалған маңызды жоба. Оның қоғамға тигізер пайдасы мол болады деп сенеміз», – деп атап өтті ол.

«Таңдау» – жастардың өмір жолындағы маңызды шешімдеріне бағыт-бағдар беруді мақсат еткен мазмұнды туынды. Осы фильм арқылы әр жас адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алады.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді