Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте "Ақылды қала" жобасы аясында инфрақұрылым мен жасыл кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында «Ақылды қала» эталондық стандарты аясында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте "Ақылды қала" жобасы аясында инфрақұрылым мен жасыл кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасуда
Фото: ашық дереккөзден

2023 жылы осы бағыттағы көрсеткіш 61%-ға жетсе, ағымдағы жылы оны 70%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Қала аумағындағы 190 көше қиылысына бағдаршам нысандарын интеллектуалды көлік жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта интернетке қосылу бойынша келісімдер жасалып, жыл соңына дейін жүйе толық іске қосылады деп күтілуде.

346,6 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған, оның ішінде 97 шақырым жол жөнделді. Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Сондай-ақ, 235 000 шаршы метр шұңқырлар қалпына келтірілді.

Шымкент қаласындағы жасыл желектерді есепке алу және заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында «KAZ ITECH» ЖШС-мен бірлесіп «zhasylshym.kz» платформасы әзірленді. Қазіргі таңда платформаға 841 012 жасыл желек туралы мәлімет енгізілген.

Бұл жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.