Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте гендерлік саясат мәселелері қаралды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасы Сәрсен Құранбектің қатысуымен қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте гендерлік саясат мәселелері қаралды
Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Күн тәртібінде, қыз-келіншектерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және спортқа баулу, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және спортшы қыздардың санын арттыру, балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасылардағы балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен Қаратау және Әл-Фараби аудандарында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы қаралды. 

Комиссия отырысында салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары өздерінің есептік баяндамаларын жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Талқылау барысында осы бағыттағы жұмыстардың маңыздылығы ерекше аталып, басқармалар мен комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, қаламызда өтіп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарының сапалы әрі тиімді іске асырылуы туралы шешім қабылданды.