Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің – Нұрлан имам

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанда JIBEK JOLY телеарнасында «Ораза қабыл болсын» тікелей эфирі көременге жол тартты.

Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің – Нұрлан имам
фото: esquire.kz

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы «отыз күн оразадағы отыз амалға» тоқталып, көрерменнің сан түрлі сауалына жауап береді. 

Ораза ұстап, ауыз бекіту төңірегінде елді толғандырған сауал көп. Бұл жолы дінтанушы «Рамазан – ғибадат айы» тақырыбын кеңінен талқылады. 

«Рамазан айы мен оразаның қасиеті жайында халық не біледі?», «Рамазанның болмысын қандай әрекеттер бұзады?», «Оразаның басты құндылығы неде?» деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітті. Әр сұраққа өмірлік мысалдарды келтіре отырып жауап берді. Әсіресе, уақытты бағаламай, уақытты бос өткізудің зияны туралы айтты. Бұл айда компьютерлік ойындар ойнап, сан түрлі сериалдар көру Рамазанның қадірін кетіретінін тілге тиек етті. 

Ал, Ораза ұстаған адам уақытын ұйқымен өткізсе, сауабының аз болатынын «Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің» деген әдемі әзілмен жеткізді. Сондай-ақ дінтауншы оразада тамақты көп ойлау, күні бойына «ауызашарға не дайындаймын» деген ойға берілу, соған уақытын жұмсау және «тамақты көптеп жесем, ертең қарным ашпайды» деген жаңсақ оймен шамадан тыс тамақтану да Оразаның бағасын түсіретінін айтты. 

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді