Прямая трансляция

Астана

Астана

7.17°C

«Мені үш рет ата сал...»: Жүнісова Нұрқаділовтің өзіне айтқан соңғы сөзін жария етті

Мақпал Жүнісова 8 наурызға арналған концертте марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Qaz365 порталына сілтеме жасап.

«Мені үш рет ата сал...»: Жүнісова Нұрқаділовтің өзіне айтқан соңғы сөзін жария етті
Фото: видеодан скриншот

Шындық әлі ашылмады. Анау өлтірді, мынау өлтірді дейді. Ең соңында келіп, Мақпалдың қолынан қаза тапты демесе болғаны. Онсыз да балалары мені кінәлап жүр. «Мақпалдың өлтіруі мүмкін» деген әңгіме таратқан көрінеді. Төбеде Алла бар, қолымыз қан болса, бұлай жүрмес едік. Зәкең де «Мақпал, мені үш рет ата сал» дейтін азамат емес қой. Сол күні қайда болдыңыз дейтіндер бар.

Қайтыс болған күні үйде отырдым, құрметті Қайрат Нұрқаділов! Көлік жүргізушісі де үйде отырғанымды біледі. Ол кісіні екінші үйде атып кетіпті. Бұл сағат кешкі 19:15 кезі еді. Мен оның алдында 18:40-та сөйлескенмін. Сонда мына үйге жолама, ана үйге тез қайт деп айғайлады», - дейді әнші.

Сондай-ақ ол бейнежазбаларды Қайрат Нұрқаділовтің рұқсатсыз полицияға бергенін айтады. 

Сол күні түсірілген айғақтардың бәрін Қайраттың өзі менің рұқсатымсыз полицияға алып кетіңдер деп айтты. Негізі 16 камераның 14-інде үйге кім кірді, кім шықты, бәрі болған. Шет жағасын мен де көрдім. Полицияға мені кінәлаған кезде өздері көрсетті. Адвокат екеуіміз: «Әне тұр ғой, таппайсыңдар ма?» дедік. Камераны көрсеткен жігіт өзі шошып кетті де, сол күйі бермей қойды. Негізі жазбаларды бергізген баласы еді.

17 жыл өтті. Осы жылдар ішінде ажырасып кеткен әйелі, балалары неге айқайламайды? Өзін-өзі атпады деп неге айтпады? Қол қойып берген солар ғой. Жүйкемді тоздырмасын! Зәкеңнің аруағына тыныштық берсін», - дейді Мақпал Жүнісова.

Еске сала кетсек, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов осыдан 19 жыл бұрын өмірден өтті. Саясаткер 2005 жылдың 12 қарашасында кешкісін Алматыдағы үйінде қаза тапты.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді