Прямая трансляция

Астана

Астана

3.76°C

Билеттердің бағасын заңсыз көтергені үшін Air Astana компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарымен Эйр Астанаға қатысты бірлесіп жүргізген тексеру аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Билеттердің бағасын заңсыз көтергені үшін Air Astana компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Total.kz

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.

Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.

Эйр Астана авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:

- біріншіден, 2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдануды алып тастау (ұшу күніне қарамастан 2023 жылғы 6 желтоқсанға дейін жанармайға үстеме ақы төленіп сатылған билеттерге қолданылмайды). Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы ағымдағы бағаның орнына 28 435 теңгеден 24 435 теңге болады (бағаның төмендеуі 14%), Алматы-Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды (бағаның 17%-ға төмендеу);

- екіншіден, 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды авиатасымалдау қызметтерінің бағасын көтеруді шектеу;

- үшіншіден, осы жылы және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін AirAstana орташа және төмен бағамен сатылатын билеттерінің саны 70%-дан (яғни, Y, B, H брондау класының тарифтері бойынша тек 30%) төмен болмауы тиіс.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды