Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Танымал боксшы сыбайлас жемқорлық дауына ілікті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері мектептің бас есепшісін 24 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұстады.

Танымал боксшы сыбайлас жемқорлық дауына ілікті
фото: ашық дереккөз

Әлем боксшысы Жанат Жақияновтың сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты бар болып шықты, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

WBA супер және IBO әлем чемпионы (2017), WBA уақытша әлем чемпионы (2015-2017), EBU Еуропа чемпионы (2014-2015) Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлық дауына іліккен. Оның бокстан олимпиадалық резервтің Солтүстік Қазақстан облысындағы спорт мектебінің бастығы екендігі айтылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері мектептің бас есепшісін 24 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұстады.

"2017 жылдың маусымынан 2020 жылдың ақпанына дейін бас есепші өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, нақты деректерді қасақана бұрмалап, өзіне 23 миллион 81 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Бұл сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен расталды", - деді СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ернар Баянғазин.

Сот үкімімен әйел 6,5 жылға сотталды. Іс барысында мектеп директоры Жанат Жақиянов өзінің электронды цифрлық қолтаңбасын осы есепшіге бергені белгілі болды. Бұл өрескел заң бұзушылық болып табылады. Ол үшін атақты боксшы қатаң сөгіс алды.